Сайт картасы
қаз

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Денсаулық-2019» спартакиадасы

24.01.2019

10 қаңтар, 2019ж. – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Денсаулық-2019» Спартакиадасының  салтанатты ашылуы өтті.

          «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Михайлова С.Н. спартакиаданың ашылу салтанатын құттықтау сөзімен бастады..     

Спартакиада бағдарламасы бойынша 10 қаңтарда  волейбол мен  шахматтан жарыс өтті. Волейболдан жрысқа: «Әкімшілік-шаруашылық басқармасы», «Кескіндеме, мүсін және дизайн» және колледждің құрама командалары қатысты. Шахмат жарысына 9 адам қатысты.

        

Волейболдан жарыстың нәтижелері:

1 орын – «Колледж» құрама командасы

2 орын – «Әкімшілік-шаруашылық басқармасының» құрама командасы

3 орын – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» құрама командасы

 

«Колледж» құрама командасы тиісті І дәрежелі дипломмен, кубокпен және алтын медальдармен  марапатталды. ІІ және ІІІ орын алған құрама командарал тиісті дәрежелі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

 

Жарыстың үздік ойыншылары атанғандар:

Дайырбеков Бағдат – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» құрама командасының ойыншысы.

Абуов Нұрхан – «Әкімшілік-шаруашылық басқармасының» құрама командасының ойыншысы.

БодешовНартай – «Колледж» құрама командасының ойыншысы.

 

 

Шахматтан жарыстың нәтижелері :

1 орын – Қульбаев Эдвард, «Кино және Теледидар » факультеті

2 орын – Дайырбеков Бағдат, «Кескіндеме, мүсін және дизайн»   факультеті

3 орын – Мусабаев Багир, «Колледж»

 

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+