Сайт картасы
қаз

«Театр өнері» факультетіне жаңа декан тағайындалды

04.02.2019

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында  «Театр өнері» факультеті  ең алғаш ашылған факультет болып табылады.

         Факультет  1955  жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының жанынан театр бөлімі  ашылған кезде ұйымдастырылды.

         Театр факультетінің аға буын профессорлары А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, А.Мадиевский, Г.Жанысбаева, Ә.Мәмбетов, Г.Рутковская, К.Кенжетаевтар Қазақстан дәстүрлі театр мектебінің негізін қалаушылар болды.

          Аталған «Театр өнері» факультетінің  деканы болып Елік Нұрсұлтанұлы Нұрсұлтан тағайындалды.

         Елік Нұрсұлтанұлын ҚазҰӨА-ның ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемиров факультет ұжымына таныстырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+