Сайт картасы
қаз

Жаңадан ашылатын «Кино және ТВ қоюшы-суретшісі» мамандығы шеберханасына курс мастері тағайындалды

06.02.2019

2019 жылдың 5 ақпанында Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемиров қоюшы-суретші, режиссер, актер, Азияның  үздік фильмі атанған «Оралман» фильмінің режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Құрманбековпен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында кино және телевизия саласы бойынша фильмнің қоюшы-суретшісі мамандарын дайындау мақсатындағы мәселелер талқыланып, «Сценография» мамандығы бойынша «Кино және ТВ қоюшы-сурешісі» мамандандыруын қабылдау туралы шешім қабылданды. Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы А.М. Маемиров жаңадан ашылайын деп отырған «Кино және ТВ қоюшы-суретшісі» мамандандыруы шеберханасының мастері етіп, қоюшы-суретші, режиссер, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сәбит Құрманбековты тағайындады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+