Сайт картасы
қаз

2019 жылдың 5-ақпан күні “Театр өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамы мен жас студенттері “Жас сыншының үні” театртанымдық лабораториясының кезекті қонағы – Қазақстанның …

07.02.2019

Театр тарланымен кездесу

 

2019 жылдың 5-ақпан күні “Театр өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамы мен жас студенттері “Жас сыншының үні” театртанымдық лабораториясының кезекті қонағы – Қазақстанның халық артисі, профессор, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры директорының кеңесшісі, режиссер, ұлағатты ұстаз Есмұхан Несіпбайұлы Обаевпен шығармашылық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Е.Обаев сахна өнері, драматургия, театр сыны жайлы тұщымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы театр өнері мен актерлердің сахна шеберліктеріне өз көзқарасын білдірді. Сөз арасында “Театртанушы – театрдың жаны, ары, бары, болмысы”,- деп, театр сыншыларының атқаратын қызметіне адал болуы қажеттігін баса айтты.

Жас театртанушылар тарапынан актермен жұмыс кезіндегі қиындықтар, актерлерге қойылатын талаптар мен қазіргі ұлттық театрлық үдеріске қатысты сұрақтар қойылды. Есмұхан Обаев өмірлік, шығармашылық тәжірибесінен түйгенін айтып, жас студенттерді білімді, зерек, бәсекеге қабілетті болуға шақырды. Бұл кездесу тәжірибе жинап, еркін ой бөлісетін, құнды өсиеттер мен қызықты пікір алмасулармен есте қалды. Кездесу соңында Е.Обаев пен студенттер естелік суреттерге түсті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+