Сайт картасы
қаз

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Британдық «Goldsmiths» Лондон Университетінің грантын жеңіп алды

08.02.2019

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Британдық «Goldsmiths», Лондон Университеті және «Impact Hub Almaty» компаниясымен серіктестікте «British Council»-ның «Creative Spark: жоғары білім саласындағы кәсіпкерлік бағдарламасы» грантын жеңіп алды.

            Бұл бағдарлама бес жылға есептелген және студент жастардың шығармашылық кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне ағылшын тілін оқытуға бағытталған.

            «Creative Spark» бағдарламасының мақсаты жаңа буынға жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін дағдыларды дамытуға мүмкіндік беру болып табылады. Бірінші жылдағы грант сомасы 50 000 фунт болды. Биылғы жылдың бағдарламасына 4 семинар кіреді. Олардың біреуі Лондон қаласында, қалған үшеуі Алматыда ақпан, наурыз және сәуір айларында өтеді.

            Семинарларға академияның оқытушылары мен студенттері, британдық сарапшылары қатысады. Сондай-ақ, бағдарлама барысында студенттерге арналған 3 минуттық жарыстардың байқауы өтеді. Жеңімпаздар 2019 жылдың маусым айында Лондон Университетінің «Goldsmiths»-да шығармашылық кәсіпкерлік бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтеді.

            Сондай-ақ «Creative Spark» бағдарламасының аясында Британдық Кеңес бірқатар жаңа сандық материалдарды қамтитын ағылшын тілін үйрету бағдарламасын іске асырады. Олардың қатарында ағылшын телеарнасының веб-сайтында оқу курстарын, онлайн курстар және кәсіпкерлікке арналған ағылшын тілін үйренуге баса назар аудара отырып, жаппай онлайн курстар өткізеді.

            Аталған бағдарлама арқылы академиямыздың 100-ден астам студенті ағылшын тілінің онлайн курстарынан тегін өтетін болады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+