Сайт картасы
қаз

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры Ізгілік Нұрмағамбетұлы Дабаев ақсақалды қабылдап, құрмет көрсетті

09.02.2019

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемиров Мәскеу университетінің заң факультетін бітірген, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Награда бөлімінің меңгерушісі және Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесі мен Үкіметінің  “Ведомсти” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған Ізгілік Нұрмағамбетұлы Дабаев ақсақалды қабылдап, құрмет көрсетті.

         Кездесу барысында Ізгілік Нұрмұхаметұлы ақсақал тарихтағы есімі белгілі ұлы адамдармен бірге қызметте де, өмірде де жақын араласу  бақыты бұйырғанын айтты.  Солардың бірі – революционер, Қазақ  өлкесінің тұңғыш Төтенше комиссары, Әліби Тоғжанұлы Жангелдин. Ізгілік  Нұрмағамбетұлы ол кісінің төрт жыл  қарамағында жұмыс  жасаған   кездерінде көпшілік біле бермейтін  біраз жәйттарға куә болған.

Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыста майдан шебінде қазақтың өр рухын ұрыс даласында жүрсе де аласартпай жалпақ жаһанға паш еткен ақын - Қасым Аманжоловпен бірге майдандас болған.

         Тоқсан сегіз жасқа таяған Ізгілік Дабаев Қасым Аманжолов туралы таңды таңға жалғап, әңгіменің майын тамызатын қарт жауынгердің сыр сандығында жатқан дүниенің қадіріне, әй, жете алар ма екенбіз деген ой келеді...

         Әлі де тың, елдің жағдайына елеңдеп отыратын ардақты атамыз жұма күніне орайластырып қабылдап, ыстық ықыласын білдіргені үшін академия ректоры Асхат Максимұлына ризашылығын, ізгі тілектерін білдірді.

         Емен-жарқын сұхбат соңында ақсақал ақ батасын берді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+