Сайт картасы
қаз

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерімен кездесті

11.02.2019

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл ел өмірінде жаһандану дәуірінде Қазақстанның жарқын болашағы жалынды жастарға үлкен жол ашылмақ. 

         Елбасы жолдауына орай ақпан айының 8-де «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерімен Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, РНD докторы Асхат Максимұлы Маемиров кездесу өткізді.

         Кездесу барысында «Жастар жылы» дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгін қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне құлшыныс беретін тұстары мен мәселелері көтерілді.

         Сондай-ақ, шарада халықаралық марапаттарға қол жеткізген факультетіміздің мақтаныштары жас суретші Анар Абжанованы және жақында ғана Ю.Гагариннің саябақ мүсінін орнатқан Қабыл Азамат пен Шәкен Ақылбектерді сахна төріне шақырып, үлгі тұтуға шақырды.

         ҚазҰӨА-ның ректоры, Асхат Максимұлы кездесуде студенттерге халқымыздың рухани-мәдени құндылықтарын дәріптеуге, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, кәсіби деңгейді толыққанды дамытып, білім алуға шақырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+