Сайт картасы
қаз

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры тағайындалды

15.02.2019

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 2019 жылдың 6-шы ақпан күнгі бұйрығымен Алмас Әбілқасымұлы Шоман «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

         Алмас Әбілқасымұлы 1998-2002 жылдар аралығында Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «кино және драма театры актері» мамандығы бойынша білім алған.

         «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік   ұйымы «Ұйымдастыру» және «Шығармашылық қызмет» бөлімдерінің басшысы болып, сондай-ақ М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

         Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров жаңа қызметте сәттіліктер тілеп, ұжымға таныстырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+