Сайт картасы
қаз

Ұлықпан Жолдасов шеберлік сағатын өткізді

18.02.2019

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына әнші, композитор, музыкалық продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Ұлықпан Мырзатайұлы Жолдасов келіп, академияның «Эстарадалық өнер» факультетінің студенттеріне шеберлік сағатын өткізді.

Ұлықпан Жолдасовтың шеберлік сағатына қатысушылардың ішінде биыл Белоруссия елінде өтетін "Славян базары" халықаралық өнер байқауына бағын сынап көрмекші студенттер де бар.

Солардың бірі «Эстрада өнері» мамандығының үшінші курс студенті Әділхан Құрманғалиұлы Макин «Славян базары» халықаралық өнер байқауына қатысып, бағын сынап көрмек.

         Ол «Славян базары» халықаралық өнер байқауының іріктеу турында композитор, Ұлықпан Жолдасовтың «Жұмбақ бағым» әнін орындамақшы.

         Айта кетейік, бүгінде қазақ елін әлемге танытып жүрген қазақтың талантты ұлы Димаш Құдайберген 2015 жылы осы «Славян базары» халықаралық өнер байқауының Гран-приін жеңіп алған болса, өткен жылы академиямыздың бірінші курс магистранты Ернар Садырбаев бірінші орынмен оралған болатын.

         Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемиров әнші, композитор Ұлықпан Мырзатайұлы Жолдасовты  жеке қабылдап, құрмет көрсетті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+