Сайт картасы
қаз

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

20.02.2019

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Министрлік басшыларының, комитет төрағаларының, департамент директорларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен ведомстволық жиналыс барысында мемлекеттік органның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды.

Мәжілісті ашқан министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметінің негізгі бағыттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында белгіленгенін айтты.

Сондай-ақ, жиында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының Өкімімен Асхат Максимұлы Маемиров Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалғанын атап өтіп, құттықтады.

Биыл 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан тарихындағы алғашқы «Киноматография туралы» Заңға қол қойды. Бұл барлық киноқауымдастық үшін және барлық қазақстандықтар үшін тарихи оқиға болды.

Министрлік Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бектітті. Оның негізгі мақсаты елдің спорттық өмірін жандандыру болып табылады.

  Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жылы үш республикалық «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» қорық-мұражайының ашылғанын, «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» мұражай-қорықтарында визит-орталықтардың құрылысы басталғанын, алдағы уақытта да тарихи ескерткіштердің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+