Сайт картасы
қаз

"Creative Spark: жоғары білім беру саласындағы кәсіпкерлік бағдарлама" жобасы аясында тренинг өтті

25.02.2019

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы басшыларының Массачусет технологиялық институтының шығармашылық және мәдени кәсіпкерлік жөніндегі директоры, Голдсмитс университетінің креативті және мәдени кәсіпкерлік институты (ICCE) директорының орынбасары Шан Прайммен кездесуі өтті https://www.gold.ac.uk/icce/staff/s-prime/.

         2019 жылғы 18-22 ақпан аралығында Шан әріптестермен Адриан Де Ла Корт және Никола Тернер бірлесіп Академия оқытушылары мен студенттері үшін креативті кәсіпкерлік бойынша тренинг өткізді. Тренинг @British Council "Creative Spark: жоғары білім беру саласындағы кәсіпкерлік бағдарлама" атты жоба аясында өтті.

         Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы академияға тренинг өткізуге келген қонақтарды қабылдап, тренингтің қорытындысы мен ЖОО арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы туралы талқылады.

         Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия бұл жобаға @Goldsmits, University of London және @Impact Hub Pilot Almaty-пен бірлесіп қатысады. #mycreativespark  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+