Сайт картасы
қаз

Тимур Жақсылықов өз шеберханасына «Киносценарист» мамандығы бойынша студенттер қабылдайды

26.02.2019

Бүгін Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемиров елге танымал белгілі сценарист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тимур Жақсылықовты қабылдады.

         Кездесу барысында қазіргі таңда еліміздің отандық кинематографияның әлеуметтік-мәдени дамуы және киносценаристерді кәсіби дайындап оқыту мәселелері сөз болды.

         Академия ректоры Тимур Жақсылықовқа болашақ киносценарист мамандарды кәсіби тұрғыда дайындау, оқыту тұрғысында өз шеберханасын ашуға ұсыныс білдірді.

         Өз кезегінде Тимур Жақсылықов 2019-2020 оқу жылына «Кино және телевизия» факультетінің «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы «Киносценарист» мамандығы бойынша өз шеберханасына студенттер қабылдайтындығына келісім білдірді.

         Тимур Жақсылықов - «Рэкетир», «Ағайындылар», «Жаужүрек мың бала», «Бауыржан Момышұлы», «Оралу», «Анаға апарар жол» секілді елімізде кеңінен танымал болған көптеген фильмдердің сценариінің авторы. 
Айта кетейік, «Анаға апарар жол» тарихи драмасы 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, Бішкекте өткен «Ақ Ілбіріс» атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды. Ал 2017 жылы Нью-Йоркте өткен 5-ші еуразиялық кинофестивальде «Үздік көркем фильм» жүлдесін алып, фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева «Кино әлеміндегі еуразиялық әйелдер» жүлдесімен, картинада ана рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек «Үздік актриса» жүлдесімен марапатталған. 

         Аталған кинотуынды 2017 жылы тамыз айында Хорватияда өткен Халықаралық «Марко Поло» кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» жүлдесін алды. Сонымен қатар, аталған кинотуынды «Ең үздік сценарий» және «Көрермендер көзайымы» жүлделерімен марапатталса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа «Анаға апарар жол» фильмінің шығармашылық тобы лайық деп танылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+