Сайт картасы
қаз

Әсет Иманғалиев Словакияда өткен ХХ Братислава халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды

01.03.2019

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров «Театр өнері» факультеті «Сахна тілі» кафедрасының оқытушысы, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты Әсет Иманғалиевті қабылдады.

         Ол Словакия еліндегі Братислав қаласында өткен ХХ халықаралық кинофестивалінде, Ресей мен Қырғызстан елдері бірігіп түсірген «Сүлейман тауы» фильміндегі басты рөл - Полат (Қарабас бейнесі үшін) «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алған болатын.

         Академия ректоры әңгіме барысында Ә.Иманғалиевке Словакияда өткен халықаралық кинофестиваліндегі жеңісімен құттықтап, бақ-береке және зор шығармашылық тіледі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+