Сайт картасы
қаз

02.03.2019 ж. – Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері және колледж оқушылары (қыздар) арасында Халықаралық 8 Наурыз күніне арналған волейболдан факультет аралық …

06.03.2019

02.03.2019 ж. – Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері және колледж оқушылары (қыздар) арасында Халықаралық 8 Наурыз күніне арналған волейболдан факультет аралық біріншілік өткізді

        

Жарыстың ашылу салтанатына дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Михайлова Светлана Николаевна және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары қатысты. Жарысқа факультеттерден 6 команда қатысты: «Музыкалық өнер», «Өнертану», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Кино және Теледидар» (екі команда), «Театр өнері»  және «Колледж» құрама командасы.

 

Бәсекелескен жарыс нәтижесінде орынға былайша бөлінді:

1 орын – «Колледж» құрама командасы

2 орын – «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің құрама командасы

3 орын «Кино және Теледидар» факультетінің құрама командасы

 

         Жеңімпаз команда кубокпен, I дәрежелі дипломдармен және алтын медальдармен марапатталды. 2, 3 орын алған командалар тиісті дәрежелі грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

Үздік ойыншылар:

Байғабыл Айзада – 1 курс, «Театр өнері» факультеті

Пирмаханова Улбосын - 1 курс,  «Кино және Теледидар» факультеті

Оразакаева Айя  -3 курс  колледж

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+