Сайт картасы
қаз

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы әріптес аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

07.03.2019

8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ер азаматтары барлық әйел ұжымдастарды көктемнің алғашқы жылы лебімен келген шуақты төл мерекелерімен құттықтады.

         Академия ұжымының ер азаматтары қойылымдар мен ойындар ұйымдастырып академия проректорлары, Сәкен Майғазиев бастаған өнер майталмандары әннен шашу шашып мерекенің сәнін келтірді. Шара барысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров біздің академияда көктемнің осы бір ең жарқын күндерінде сұлулық пен жылылықтың мерекесімен Аруларды құттықтау тамаша үрдіске айналғанын айтты.

         -Құрметті Арулар! Сіздерді 8-ші наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі мерекені атап өту біздің академиямызда көптеген жылдардан бері дәстүрге айналған. Міне, бүгін сол дәстүр жалғасын табуда.

         Бәріміз білеміз, өмірдің діңгегі, шуағы барлығы анада! Сондықтан, арулар біздің қай кезімізде де, қазақ қоғамында да мемлекетімізде де әрдайым ару қыздарымызға жағдай жасалынады. Елбасымыз әрдайым жыл сайын көктем шуағымен келген бұл мерекеде елге еңбегі сіңіп жүрген аруларды, қыздарды, аналарымызды қабылдап, ой бөлісіп, оларға бүкіл ілтипатын білдіріп жатады. Сондықтан, біз де осы академияға саналы өмірін, еңбегін, қайраткерлік жолын арнап келе жатқан ардагер апаларымызды, орта, жас буын бар, барша Арулардың бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз! Жүздеріңізден тек қана шуақ, күлкі, мейірім кетпесін!, - деп ректор Асхат Максимұлы жүрекжарды тілегін жеткізді.

Академияда бұл мерекеге тұспа тұс келген туған күн иелері де елеусіз қалмады. Академияның ашылғанынан бастап, қызмет етіп келе жатқан біздің екі ұстаз аналарымыздың туған күні осы 8-наурызбен орайлас келеді. Академия ректоры Асхат Максимұлы өнертану ғылымының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рахилям Машурованы және «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дариға Тұранқұлованы академия ұжымы атынан мерейлі төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Қазақ руханиятының кемелденуіне зор талантымен күш-жігерін арнағандары үшін, өткен ғасырда шаңырақ көтеріп, мөлдір бұлақтай бастау алатын театр факультеті арнасы кең айдынға айналғаны айтылды. Сахнаға  көтерілген Дариға Тұранқұловаға қазақ театры педагогикасы «Сахна тілі» пәнінің методикасын заманымыздың озық үлгілерімен байыта отырып, ғылыми еңбектер жазғанын атап өтіп, естелік сыйлық пен алғыс хат табыстады.

 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+