Сайт картасы
қаз

Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған «Алтын Орда - мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи форматы» атты дөңгелек үстел

18.03.2019

Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған «Алтын Орда - мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи форматы» атты дөңгелек үстел

      15.03.2019 жылы «Бейнелеу өнері тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, музейтанушы, ICOM мүшесі Мұсаханова Мадина Зұллпыхарқызы Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда - мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи форматы» атты Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013-2022 жж.) аясында өткен Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы - «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» атты мемлекеттік мұражайы. Дөңгелек үстелдің мақсаты: мәдениеттің өзара әсер ету мәселелерін түсіну және этникалық топтардың Алтын Орда мемлекетінің аумағында өзара әрекеттесуі.

      Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқыланды: 1. Алтын Орда - Еуразия империясы; 2. Алтын Орданың тәуелді және көршілес мемлекеттердің этникалық топтарына тарихи әсері; 3. Алтын Орданың мәдени мұрасы және оны зерттелу жағдайы; 4. Алтын Орданың зерттеу перспективалары және ұлттық ғылыми мектептің қалыптасуы.

      Дөңгелек үстелдің жұмысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменовтың басшылығымен өтті.

      Дөңгелек үстелге тарихшылар, шығыстанушылар, ақындар мен жазушылар қатысты.

      Дөңгелек үстел Қазақстандағы және шетелдегі Алтын Орданың 750 жылдығына арналған басқа академиялық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға алғашқы серпін берді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+