Сайт картасы
қаз

Цукуба университетінің өкілдерімен кездесу

20.03.2019

         Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2019 жылдың 19 наурызында Жапония мемлекетінің Цукуба қаласындағы Цукуба университетінен келген «Гуманитарлық ғылымдар» факультетінің профессоры Ходака Фуджимен,  осы факультеттің доценттері Қуаныш Тастанбекова, Юсуке Эндо және кіші ғылыми қызметкер Рей Танакамен, сонымен қоса бір топ жас ғалымдарыменен кездесу өткізді.  Аталған оқу орны Жапониядағы ең үздік он университеттің қатарына кірген. Ал, білім беру сапасы жағынан рейтинг бойынша әлемдегі озық 300 жоғары оқу орынында тұр. Осындай дүниежүзіне аты мәлім университет өкілдерінің қазақ өнерінің қара шаңырағы атанған оқу орнына қызығушылық танытып кездесуге келулері елеулі мәдени оқиға болды.

       Кездесу барысында «Оқу, оқу-әдістемелік жұмыстар» бойынша проректор Ш.Әмірбеков Цукуба университетінің ғалымдары мен профессорларына Академияны жан-жақты таныстырып әр факульттеттің ерекшеліктері туралы мәліметтер берді. Болашақта екі оқу орны арасында тығыз байланыстар орнату мәселесі сөз болды.

       Кеш соңында «Ұлттық өнер» факультетінің ұйымдастыруымен шетелдік қонақтарға арналған дәстүрлі ән-күйлерден концерт пен  көрме көрсетілді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+