Сайт картасы
қаз

ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІК АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМІН ТАМАШАЛАДЫ

20.03.2019

ӨНЕР  ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ  ПРЕЗИДЕНТТІК  АНТ  ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІНІҢ  ТІКЕЛЕЙ  КӨРСЕТІЛІМІН  ТАМАШАЛАДЫ

          Бүгін Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқтатып, Мемлекет басшысының қызметін атқаруды ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Ж. Тоқаевқа табыстауына байланысты Президент міндетін атқарушы Қ. Ж. Тоқаевтың Президенттік ант қабылдау сәтін тікелей көрсетілім арқылы тамашалап, тарихи жағдайды өзара бөлісу үшін Қазақ Ұлттық Өнер академиясында Асанәлі Әшімов бастаған мәдениет  қайраткерлерінің бас қосуы өтті.

          Президенттікке ант қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «...Елбасының басшылығымен Қазақстанда экономиканы жаңғыртуға бағытталған реформалар жоспарлы түрде жүзеге асырылды, сонымен қатар  мемлекеттің саяси жүйесі салмақты өзгерістерге ұшырады. Құрылымдық реформалар мемлекет дамуының басты қозғаушы күшіне айналды. Елбасының қол астында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен адам ретінде нық сеніммен айтарым – Президент өзінің еңбек жолын халқымыздың жағдайын жақсарту үшін биік мақсатқа арнаған бірден-бір тұлға болып табылады», – дей келе, Елбасының бүгінге дейінгі тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін қалап, нығайтудағы басты жетістіктерін атап өтіп, «Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген тарихи қызметінің алыптығы соншалық, біз оның  ұлы есімін мәңгілік есте сақтауға бар күш-жігерімізді салуымыз керек» деп түйіндеді өз сөзін.  

          Жиналғандар айтулы уақиғаны тікелей көрсетілім арқылы тамашалағаннан кейін Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров сөз алып, онда: «Шын мәнінде халықтың қаһарманы, Елбасы, ұлт көшбасшысы жасаған, жаңа президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан басым стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру үшін жұмыс жасауымыз керек. Әсіресе осында отырған аға буын – сіздер орта буын біздердің алдымызда жүріп, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетіп отырсаңыздар ғанибет болады.  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елбасымыз салып берген тәуелсіздігіміздің сара жолын сақтап, ел ішіндегі бірлікті, берекелі келісімді ұйытып отыру азаматтық борышымыз. Халқымызда Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы деген ұғымдар қалыптасса, ендігіде «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деген үлкен ұғымды ұрпақ санасында жаңғыртып отыру бізге міндет.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+