Сайт картасы
қаз

27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне, Жастар жылына орай Алматы қаласындағы театрлардың бас қосуымен тұңғыш рет өтетін мерекелік кеш

26.03.2019

      27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне, Жастар жылына орай Алматы қаласындағы театрлардың бас қосуымен тұңғыш рет өтетін мерекелік кеш

      Өтетін уақыты – 2019 жылғы 27 наурыз, сағ. 16:00.
Өтетін орны - Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры

      27 наурыз – Халықаралық театр күні қарсаңында Қазақстан Театрлары қауымдастығы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында тұңғыш рет Алматы қаласы бойынша оннан аса театрдың қатысуымен мерекелік кеш өткізгелі отыр. Оған белді театр артистері және кейінгі толқын қатысып, өнер көрсетеді. Шара барысында соңғы уақытта өнерімен көзге түскен үздіктер марапатталады.

      ҚТҚ туралы қысқаша мәлімет
      Қазақстан театрлары қауымдастығы (ҚТҚ) 2016 жылы құрылған. Ассоциацияның басты мақсаты – республика мемлекеттік театрларда әлемдік деңгейдегі имидж қалыптастыру ісіне үлес қосу, шетел театр ұйымдарымен корпоративтік байланыстарды нығайта түсу, театр қызметінің зияткерлік әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру, жастардың кәсіби шыңдалуына мүмкіндіктер жасау, театрлар ұжымындағы шығармашылық ізденіс мониторингін қалыптастыру, жаңа есімдерді анықтау, жастардың аға толқын өкілдерінен тәжірибе алуын, кәсіби бағдарларын айқындауын бір ізге түсіру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларларын жақсарту, марапаттарға ұсыну, театр қайраткерлерін еске алу кештері мен мерейтойларын бірлесе өткізу, халықаралық фестивальдер, әлемдік деңгейдегі мастер-класстар мен конференциялар ұйымдастыру, халықаралық дәрежедегі кәсіби сауаттылыққа қол жеткізу.
Қазақстан театрлары қауымдастығы бірқатар халықаралық, республикалық театр фестивальдерін, театр өнеріне сүбелі үлес қосқан қайраткерлердің мерейтойларын, еске алу кештерін өткізіп, жыл сайын «Сахнагер» Ұлттық театр жүлдесін табыстап отырады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+