Сайт картасы
қаз

АРҚАЛЫ ӨНЕРІМІЗ – АРАБ ЕЛІНДЕ

04.04.2019

      

АРҚАЛЫ ӨНЕРІМІЗ – АРАБ ЕЛІНДЕ

      2019 жылғы 3 сәуірде Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры Асхат Маемиров 9 – 19 наурыз аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Риядта өткен «NOMAD FESTIVAL» халықаралық этнофестивалінің жеңімпаздарын қабылдады. Бұл шараға әлемнің 100-ге тарта мемлекеті қатысты. Әр мемлекеттен отыздан аса өнерпаздар келді. Қатысушылар өз халқының іші ұлттық жиһаздармен безендірілген дәстүрлі тұрақ-жайларын құрып көрсетті. Сондай-ақ өздерінің салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын және дәстүрлі өнерін дәріптеді.

      Фестивалге келген Қазақстан делегациясы құрамында Жүргенов Академиясынан мына өнерпаздар қатысты:

- Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті Сән және костюм дизайны кафедрасының меңгерушісі, доцент М. Жұмағалиев жетекшілік ететін «ARLAN ZHETE» өнер театры;

- Аталған факультеттің Көркемсурет кафедрасының доценті, PhD докторы М. Мұқанов;

- Осы факульттетің магистратурасында Кескіндеме мамандығында бойынша оқитын А. Әділ;

- Театр өнері факультеті Актерлік өнер мамандандығының магистранты Е.Төлепберген;

- Ұлттық өнер факультеті Сәндік қолданбалы өнер кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С. Бапанова;

- Сәндік қолданбалы өнер кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Даубаев;

- Этнофольклорлық ансамбль «Хассак» тобы;

- Этнофольклорлық «Тұран» тобы қатысып, өнерлерін ортаға салды.

      Фестивалге Қазақстаннан барған этнофольклорлық «Хассак» тобы Гран-при жүлдесін иеленді, ал «ARLAN ZHETE» өнер театры «Ұлы тарихты сақтаушылар» арнайы жүлдесімен марапатталды.

      Ректор Асхат Максимұлы фестивалға қатысушыларды құттықтай келіп фестиваль жүлдегерлері атанған өнер топтарының отандық музыка және театр өнеріне қосып жүрген үлестерін атап айтты. «Соның ішінде «ARLAN ZHETE» өнер театрының жетекшісі Мүслім Жұмағалиев бүгінде қазақ этнодизайны өнерінің алдыңғы легінде келеді», – деп атап көрсетті Академия басшысы. «Осы жылдардың ішінде сіздің өзгеше стилдегі қолтаңба қалыптастыра алуыңыз мені ерекше таңдандырады. Осы өрнегіңіз одан әрі жалғасын таба берсе ғанибет. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көшпелі ата-бабаларымыздың тұтынған заттары ғана емес, киім мәдениеті, ұлттық дизайны есте жоқ ескі заманнан бастау алатынын ашып көрсетті. Сіз бас киімнен аяқ киімге дейінгі аралықта оған қару-жарақ, ат-әбзел түрлерін қоса отырып заманауи үйлесімді бояу қостыңыз. Менің ойымша, фестиваль осы ұлттық қанық бояуымен бір кезде көшпелі тұрмыс салтында болған арабтарды да таңырқатты деп ойлаймын. Алда сіздердің баршаңызды осы этнобағытта талай істер күтіп тұр.

      Қанаттарыңыз талмасын, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болыңыздар», – деп жеңімпаздарға сәттілік тіледі.

                

  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+