Сайт картасы
қаз

Құрметті әріптестер, Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен – Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз! «Театр күні» – театр мамандары ғана емес, жалпы театр өнеріне қатысы бар барша қызметкерлердің, сондай-ақ …

27.03.2019

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІМЕН!
Құрметті әріптестер,
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен – Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз!
«Театр күні» – театр мамандары ғана емес, жалпы театр өнеріне қатысы бар барша қызметкерлердің, сондай-ақ миллиондаған өнерсүйер қауымның да мейрамы. 
Өткенге салауат ете отырып, заманауи театр сахнасында ұлттық бірегейлікті әлемге таныту мәнерін үлгі еткен талантты сахнагерлеріміздің қажырлы еңбектерінің арқасында бүгінгі театрдың сахналық дәстүрінен инновациялық қарымды аңғару қиын емес. Себебі, театрға келген жан онда өткізген аз ғана уақыт ішінде жайсыз ойдан арылып, кірлі көңілден тазарып, рухани ләззат алады. Осының барлығы театр саласы мамандарының, яғни сіздердің кәсіби адалдықтарыңыз бен өнерге деген құрметтеріңіз.
Көктем шуағымен орайлас келген осы атаулы күні сіздерге шалқар шабыт, көтеріңкі көңіл-күй, дамылсыз ізденіс, табанды еңбектенудің абыройлы жолын тілейміз. Қашанда көрермендеріңіздің көзайымына айналып, ықылас-пейіліне бөленіп жүре беріңіздер!

Ізгі ниетпен, 
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы ұжымы атынан ректор, Қазақстан театрлар қауымдастығының вице-президенті 
Асхат Максимұлы Маемиров

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+