Сайт картасы
қаз

Академия студенттері «Eurasia Рiano Forum» V халықаралық конкурста бас жүлделерге ие болды

02.04.2019

Наурыз айының 29-31 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Eurasia Рiano Forum» V фортепиано дайындығы бойынша Халықаралық конкурс өтті. Бұл конкурсқа Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы театр өнері факультетінің «Музыкалық драма» мамандығының І курс студенттері Мәди Рымбаев пен Жансұлу Төлегенова қатысып, бас жүлделерге қол жеткізді.

         Бүгін осыған орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров аталған халықаралық конкурстан лауреат атанып, Гран-при атанған Мәди Рымбаев пен І орын иеленген Жансұлу Төлегенованы қабылдап, ыстық ықыласын білдірді.

         Қабылдау барысында ректор Асхат Максимұлы бұл академияның үлкен жеңісі, ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі екенін, академия студенттерінің шығармашылық кәсіби деңгейінің жоғары екендігін көрсетіп қайтқандарын атап өтті.

         Халықаралық конкурста Мәди Рымбаев Қ.Шілдебаевтың «Концерт күйін» және А.Хачатурянның «Токкатасын» орындаса, Жансұлу Төлегенова Э.Григтің «Вальсін» және К.Дүйсекеевтің «Ноктюрнін» орындаған.
         Бұл Халықаралық конкурсқа Қазақстан, Испания, Италия, Австрия елдерінен келген қазылар құрамы төрелік етсе, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және тағы басқа алыс жақын шетелдерден 287 конкурсант қатысқан.

         Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Фортепиано» кафедрасының доценті Зуфар Арзиев Зунунұлы да V Халықаралық конкурсқа белсенді қатысып қазылар құрамында жоғары кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+