Сайт картасы
қаз

XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

03.04.2019

XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

«Мен жастарға сенемін!»

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінде өткен XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға «Мәдениеттану» пәні бойынша қатысқан Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Өнер тарландары» тобы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “Өнер тарландары” тобының мүшелері:ІІ курс студенттері – Басқожаев Нұрасхан, Ұзақбаева Асель, Еділова Ақбота.

Топ жетекшілері: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы оқытушылары - Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлы, Белгібаев Дамир Темирғалиұлы

 

XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға 9 топ қатысты. Олар: Нұр-Сұлтан қаласынан “Шабыт” Ұлттық өнер академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік Университеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясынан 2 топ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен 2 топ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттері қатысты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+