Сайт картасы
қаз

«Графика әлемі» атты кең ауқымды шығармашылық көрме ашылды

05.04.2019

«Графика әлемі» атты кең ауқымды шығармашылық көрме ашылды

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының көрме залында тұңғыш рет «Графика әлемі» атты кең ауқымды шығармашылық көрмесі ашылды.

      Көрмені академиямыздың ректоры Асхат Максимұлы Маемиров мырза ашып, суретші профессор-оқытушыларға шығармашылық табыстар тілеп, студент жастар ұстаздарынан тәлім-тәрбие алып, ұлтымыздың мәдениетін әлемдік аренада көрсете берулеріне тілек білдірді.

      Сонымен бірге, академиямыздың ғылыми жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы Халықовта суретші ретінде, көрменің жоғары деңгейде өткенін зор ілтипатпен атап өтті.

      Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті, «Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры, профессор Тоқхожа Мұқажанұлы Қожағұлов сөз сөйлеп, екі ЖОО–ны бір-бірімен тығыз қарым-қатынасты нығайтып, екі жақ бұл көрмені толықтырып және де студенттер арасында да осындай көрмелер, пленэр, фестивалдар ұйымдастырып, әр қарай жалғастыруға ұсыныс берді.

      Қазақстанның белгілі график суретшілері өзінің шығармашылық өміріндегі әртүрлі кезеңде салған еңбектерін алғаш рет көрмеге қойып, сол сәттерді еске түсіріп, қызықты да астарлы әңгімелер айтып, көрермендердің көңілінен шығып, рухани нәр беріп, қуанышқа бөледі.

      Бұл көрмені ұйымдастыруға қызығушылықпен атсалып, еңбек еткен академиямыздың музей және галерея меңгерушісі Майя Қызтуғанқызы Тоқпановаға алғысымызды білдіреміз!

      Қазақстан бейнелеу өнеріне бейжай қарай алмайтын өнер сүйер көрермендерімізге бұл көрменің 17 сәуірге дейін жалғасатынын айтамыз. Келіңіздер, көріңіздер!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+