Сайт картасы
қаз

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

09.04.2019

 

         Сіздің ел басқару қызметіндегі саяси-дипломатиялық ұстанымдарыңыз, жүйелі бағдарламаларыңыз бен іскерлік тәжірибеңіз қазақ елінің дамуына арналып отыр.  Ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігіңіз халқыңыздың әлеуметтік, рухани-мәдени тұрғыдан даму үрдісін алға жетелегеніңіздің куәсі болып келеміз.

        Бүгін Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының 2019 жылдың 9 маусымында өтетіндігін бүкіл халыққа паш еттіңіз. Елдің тыныштығы мен саяси жағдайын тұрақты ету мақсатында президент сайлауын өткізу уақытын белгілеуіңізді үлкен саяси қадам деп есептейміз.     

       Біз Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Сіздің бұл мәлімдемеңізді кеңінен талқылап, алдағы сайлаудың әділ де, ашық болатынына сенім білдіреміз! Сонымен қоса Президент сайлауының ел тағдыры мен болашағы үшін аса маңызды екенін ескеріп, Сіз ұстанған саясатқа қолдау көрсетеміз!

     Сіздің Республикамыздың экономикасын, Білімі мен ғылымын, мәдениеті мен  өнерін өркендету жолындағы еселі еңбегіңізге табыстар тілейміз! Қашанда халқыңыздың қалаулысы, еліңіздің елеулісі болып ел мәртебесін асқақтату жолында алға қойған мақсаттарыңыздың жүзеге асуына шын жүректен ниеттестік білдіреміз!

 

Ізгі ниетпен,

Т.Жүргенов атындағы

Қазақ ұлттық ұлттық өнер акадмиясының ректоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

PhD докторы Асхат Маемиров

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+