Сайт картасы
қаз

Академияда «Қоғамда сыбайластық жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында шара өтті

05.04.2019

      Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасында «Қоғамда сыбайластық жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында шара өтті.

      Шараны академияның тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Алмас Әбілқасымұлы Шоман бастама сөзімен ашып, академияға арнайы шақыртылған қонақ «Sanaly Urpaq» республикалық жобасының басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушевты студенттермен, академия оқытушыларымен таныстырды.

      Қайыржан Ахметбекұлы сөз алып жастар арасында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тәрбиелеу бағытында әңгіме өрбітті.

      Енді, сіздердің ұлттық академияның елімізде орны бөлек, басқа жоғары оқу орындарымен салыстыруға келмейді. Студенттердің саны аз болса да, Еліміздің өнерінің өркендеуіне көп үлесін қосуда. Бұйырса, сіздердің араларыңызда біздің Қазақстанның туын желбіретіп шетелдерге шығып, мәдениетімізді, өнерімізді насихаттап жүрген Димаш Құдайберген сияқты азаматтар отырғанына сенемін. Дей тұрғанымен Тәуелсіз Қазақстанның азаматы болғаннан кейін, заңды, заңнамаларды оның талаптарын білулеріңіз керек. Соған байланысты осы академияның басшылығы арнайы бізбен хабарласып шақырғаннан кейін, келіп тұрмыз. Біз Тәуелсіз ел болғандықтан, көптеген ұйымдардың мүшесіміз. Соның ішінде сыбайластық жемқорлыққа байланысты ұйымдарда бар. Олар көптеген мемлекеттерге нұсқау бағдарламарын жүргізіп бағаларын беріп отырады. Сыбайлас жемқорлық туралы заңнамамен мемлекеттің стратегиясын түсіндіру үшін, барлық ұжымда болып халықтың санасына құю керек.Сондықтан бүгінгі күннің стратегиясын бірінші сауаттандыру, екінші алдын алу, үшінші жазалау, сондықтан біз сауаттандыру жөнінде жұмыс жүргіземіз,- деді Қайыржан Ахметбекұлы.

      Бұл «Sanaly Urpaq» республикалық жобасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі ынтасымен құрылған. Негізгі мақсаты білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу және өскелең жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болып табылады.

      «Sanaly Urpaq» республикалық жобасы қазіргі таңда Алматы қаласы, бүкіл Республика көлемінде жұмыстарын жүргізіп, көптеген білім саласында, балабақшаларда, мектеп, колледж, ЖОО талдау жұмыстарын, анкеталық сұрақтарын, сауалнамаларын жүргізуде.

      «Sanaly Urpaq» республикалық жобасы бүгінгі шараға қатысушы академия студенттері мен ұстаздарына анкеталық сұрақтар, сауалнамалар жазылған парақшаларды үлестіріп, жауаптарын алды.
Қазір еліміздегі Ұлттық статусы бар жоғары оқу орындарының бесеуінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке пән ретінде жүреді. Ал, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық академия алдымыздағы оқу жылында пән ретінде енгізбек.

      Сондай-ақ бүгінгі шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылыми зерттеу институтының директоры, заң ғылымының кандидаты Қарлығаш Рақымжанқызы, кафедра меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор Гүлнара Рақымжанқызы, заң ғылымының докторы, профессор Алма Саламатқызы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында өздерінің шығарған электронды оқулықтарын таныстырды.

 

Ә.КЕРЕЕВ

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+