Сайт картасы
қаз

06.04.2019ж. – Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары студенттері арасында волейболдан жарыс өткізді.

10.04.2019

      06.04.2019ж. – Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары студенттері арасында волейболдан жарыс өткізді.

 

      Жарыс К.Ахметов атындағы ОРРММИК спорттық залында өтті. Жарыстың ашылу салтанатына: дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Михайлова Светлана Николаевна және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары қатысты.

      Жарысқа келесі жоғарғы оқу орындарынан 8 команда қатысты: «Д.М. Қонаев атындағы Еуразиалық заң академиясы», «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті», «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы», «Инновациялық техникалық колледжі», «П.И.Чайковски атындағы Алматы музыкалық колледжі», «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты», «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» (екі команда)

 

Жарыстың нәтижесі :

1 орын – «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты»

2 орын – «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы»

3 орын – «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті»

 

      Жеңімпаз команда кубокпен және I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жүлдегерлер 2 және 3 орын алған командалар тиісті дәрежелі грамоталармен марапатталды.

 

Үздік ойыншылар атанған қатысушылар:

      Тамен Ақжол - «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Жұмашов Ануар - «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты»

      Дінмұхамед Дарын - «П.И.Чайковски атындағы Алматы музыкалық колледжі»

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+