Сайт картасы
қаз

ДАРАБОЗДАРДЫ ДАРАЛАҒАН ШАРА

12.04.2019

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында алғаш рет «Ұлттық өнер» факультетінің негізі 2019 жылы 28 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында қаланған еді. Факультет құрамына «Дәстүрлі музыка өнер» және «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедралары кіреді.

Бүгінде аталған кафедралардың түлектері Халықаралық, Республикалық өнер додаларда топ жарып жүр. Студенттерге республикаға белгілі өнерпаздар Р.Стамғазиев, П.Момынов, Н.Жанпеисов, М.Абуғазы, Т.Мұқышев, С.Бапанова, Р.Базарбаева, Е.Даубаев сынды кәсіби тәжірибелі оқытушылар білім береді. Және де олардың қатарына дәстүрлі өнер саласы бойынша білікті мамандар тартылуда.

Осыған орай 2019 жылдың 12 сәуір күні сағ. 10:00 де Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәстүрлі «Ашық есік күні» аясында Елбасының «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласы және «Жастар жылына» орай «Ұлы дала дарындары» атты Республикалық жас өнерпаздар байқауы өтті.

         Дәстүрге айналған мерекелік шараға келген талапкерлер және өзге де ынта қоюшылар Академияға қабылданатын мамандықтармен танысып, оқытушылармен кездесті. Сондай-ақ, жеті факультет жөнінде білікті профессорлық-оқытушылық құраммен жүздесіп, факультетет бойынша толық мәлімет алды. Сонымен қатар даярлық бағдарламасымен танысып, мамандық таңдау бойынша сұрақтарына жауап алды.

         Ресми ашылудан кейін белгілі өнер қайраткерлерімен және шығармашыл жастармен кездесу өтті. Шараға Академияның өнерпаз студенттерімен қатар бүгінде қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «Эстрадалық өнер» факультетінің магистранттары Динара Сұлтан, Айқын Төлепберген, сондай-ақ осы факультеттің  студенті Ернар Айдар келушілер алдында өнер көрсетті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+