Сайт картасы
қаз

Елбасы бастамалары жалғасын табуы керек

13.04.2019

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясында Қазақстан театрлар қауымдастығының жиыны өтті.

         Басқосуға өнер майталмандары мен театр басшылары қатысты. Жиында талқыланған негізгі мәселе – 9 маусымға белгіленген кезектен тыс президент сайлауы.

         Мәдениет саласының мамандары бұл сайлау халықтың ауызбіршілігін, елдің елдігін көрсететін саяси науқан болғалы тұр, сондықтан біз одан қалыс қалмауымыз керек, дейді. Асхат Маемиров, ҚР театрлар қауымдастығының вице-президенті:

         – Мемлекеттің ең басты құндылығы – тәуелсіздік. Сондықтан Елбасы салған сара жолмен әрі қарай осы мемлекеттің дамуына бәріміз бір кісідей қызмет етуіміз керек. Елдің бас темірқазығы іспеттес идея ол - Мәңгілік елді одан әрі құру. Оған дәнекер болатын тетіктерді әрмен қарай дамытып жалғастыру керекпіз. Себебі, Елбасымыз шыныменде 27 жылдың ішінде осындай Қазақстан деп аталатын алып мемлекетті құрды. Ол мемлекеттің дамуына, қалыптасуына үлкен жағдай жасалды. Қазір төрткүл дүние біздің Қазақстанды таниды. Елордамыз бар. Әлеуметтік экономикалық жағдайдың тұрақтылығын, әрі қарай тыңғылықты жақсы жұмыс жасау үшін, осындай шешім қабылданғаны әрине бізді де бір серпілтті. Соған жұмылып, сайлауды да өткізуге бәріміз атсалысамыз, – деді Асхат Максимұлы.

         Шындығына келгенде, біздің бәрімізге маңызды мәселе­нің бүгінде адамдар үшін айқын және анық болғаны қажет.

         Бейбітшілік. Заңдылық. Тұрақ­тылық. Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекетіміздегі сая­­саттың үш құрамдас бөлігіне ай­нал­ған осы үшеуі еліміздің табыс­ты дамуының негізі болды.

         Алқалы жиында Мемлекеттік корей музыкалық республикалық комедия театрының директоры Ни Любовь Августқызы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева, М.Лермонтов атындағы орыс мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Юрий Якушев, Оңтүстік Қазақстан облысы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры Бақыт Сроилов, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары Жалғас Толғанбай, Павлодар облыстық қазақ сазды драма театрының көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек, жастардың атынан жас театр сыншысы, өнертану магистрі Мирас Әбіл және тағы басқалары  президент сайлауына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+