Сайт картасы
қаз

Профессор Seth Agbo: «Қазақ жастарының көздерінен от көрдім»

14.04.2019

Биылғы 8-12 сәуір күндері Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Канаданың Ориллиа қаласындағы Лакехед университетінен келген PhD докторы, профессор Seth Agbo Академияның магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ оқытушылық құрамына арнап шеберлік-класс өткізді. Пофессор Агбо дәрісінің тақырыбы «Рецензияланатын журналдағы (Impact Factor) жарияланым ландшафтын түсіну» деп аталады. Агбо көптен бері «Өзгерістерге арналған ересектердің білім алуы» бағдарламасы бойынша Erasmus Mundus International бағдарламасы аясында еңбек етіп келеді. Доктор Агбо соңғы жиырма жылда ғана халықаралық конференцияларға 50-ден аса мақала ұсынып, ғылыми журналдарда және кітаптар тарауларында 20-ның үстінде рецензиялық мақала жариялаған. Оның жарияланымдары мен таныстырылымдарының көпшілігі уәкілдік етілуі жеткіліксіз топтардың білімін ұғынуға және жақсартуға арналған. Тұтас алғанда Агбоның ғылыми ізденістер аясы лидерлік және саясат саласын, әлеуметтік әділетке арналған білім берудегі саясатқа сыни талдау жасай отырып салыстырмалы және халықаралық білім беруді бойынша және үздіксіз, жоғары білім беру саясатын қамтиды.

Академиядағы Агбо курсы ағылшын тілінде өткізілді және ол аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тиісті сертификаттар тапсырылды.

12 сәуір күні Академия ректоры Асхат Маемиров доктор Агбоны қабылдап, рахмет айтты. «Болашақ өмір жолын ғылыммен байланыстыратын әр адам әлемдік деңгейде мақала жазу құрылымын, заңдылықтарын біліп, игеруі тиіс. Осы орайда Сіз оқыған курс біздің магистранттарымыз бен докторанттарымызға өз пайдасын тигізді деп ойлаймын. Білгеніңізді ортаға салғаныңыз үшін көп рахмет», - деп атап айтты Асхат Максимұлы.

Доктор Агбо жауап сөзінде өзінің бір апталық дәрісі жылдар бойғы ғылыми журналдардағы тәжірибесінің арқасы екендігін, осы журнал рецензенті қызметімен байланысты көптеген жоғары оқу орындарында болып келе жатқандығын, бірақ Жүргенов Академиясы тыңдаушыларының олардан ерекше екендігін даралап айтты.«Қазақ жастарының жүзі маған жылы көрінді, әрі көздерінде от бар екен. Өмір болса, әлі де кездесеміз деп үміттенемін»,— деп сөзін түйіндеді доктор Агбо.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+