Сайт картасы
қаз

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» тақырыбында «Ғылым апталығы» өтеді

15.04.2019

2019 жылдың 15-19 сәуір аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» тақырыбында ғылым апталығы өтеді.

«Ғылым апталығының» мақсаты – Академия қызметіндегі ғылымның рөлін күшейту және оның мәдениет саласындағы ҚР және Орталық Азияда жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретіндегі беделін нығайту.

«Ғылым апталығы» аясында "Жастар жетістігі-ұлт жетістігі" атты жас ғалымдардың халықаралық форумы өтеді, оған Қазақстан, Ресей, Польша, Жапония, Ауғанстан, Грузияның және т.б.мемл. ғылым, мәдениет және өнер саласындағы студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары қатысады.

«Ғылым апталығының» шеңберінде өтетін іс-шаралар:

  1. «Кино және ТВ» факультетінің «Ұлы даланың - Ұлы есімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  2. «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Ұлы дала кеңістігіндегі өнер кеңістігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  3. «Өнертану» факультетінің «Өнердегі ұлы тұлғалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  4. «Ұлттық өнер» факультетінің «Дәстүрлі музыка мен технологиялардың мың жылдығы» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  5. «Хореография» факультетінің «Қазақстанның хореографиялық өнерінің ұлы есімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  6. «Театр өнері» факультетінің «Заманауи театр өнерінің мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  7. «Эстрада өнері» факультетінің «Қазақстанның заманауи музыка өнері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
  8. «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты магистранттардың постерлық баяндамалары
  9. Қазақстанның танымал ғалымдары және қоғам қайраткерлерімен кездесулер.

10.Көрмелер мен вернисаждар өткізу.  

Өтетін орны және уақыты: ҚазҰӨА-ның оқу театры. Мекен-жайы: Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

 

Байланыс: 8-727-2720499

                  8-7718041571           Кульшанова Арман Айтбекқызы

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+