Сайт картасы
қаз

РЕКТОРДЫҢ ТАШКЕНТТЕГІ КЕЗДЕСУІ

15.04.2019

2019 жылғы 15 сәуірде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына байланысты Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты Өзбекстан Мемлекеттік Өнер және мәдениет институтының ректоры Иброхим Юлдашевпен кездесті.

         Кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Иброхим Жураұлымен арада екі оқу орнының әріптестік негізде білім беру мәдени ынтымақтасуы бойынша келісімге қол жеткізілді.

         Атап айтқанда, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен Өзбекстан Мемлекеттік Өнер және мәдениет институты арасында алдағы уақытқа арналған Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Онда айналы-мобильді оқыту әдісімен білім алмасу, ғылыми-танымдық және мәдени байланыс мәселелері қарастырылған.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+