Сайт картасы
қаз

Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған еске алу шаралары өтті

04.03.2019

2019 жылдың наурыз айының 2-3 күндері өтетін Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актері Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған еске алу шаралары өтті.

Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актері Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған еске алу шаралары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақ ұлттық театр және кино мектебінің даму контексіндегі Әнуар Боранбаевтың актерлік мұрасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен бастау алған шара «Дара тұлға» атты әдеби – сазды кешіне ұласты.

Ал, кешкісін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Алаштың Әнуары» атты көрменің ашылуы өтіп, соңы Қазақстанның халық артисі, көрнекті театр және кино актері Ә.Боранбаевтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші, шарасына жалғасты.

3-ші наурыз күні Сағат 12:00-де Ә.Боранбаевтың Кеңсай-1 бейітіне зиярат ету рәсімі өтіп, кешікісін Ә.Боранбаевтың 70-жылдығына арнайы сахналанған А.Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» (Ваня ағай) драмасының премьерасы өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+