Сайт картасы
қаз

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кинозалында 2019 жыл 16 сәуірінде «Театр өнер» факультеті, «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі - Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Сапаргалиева Гүлдана …

17.04.2019

      Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кинозалында 2019 жыл 16 сәуірінде «Театр өнер» факультеті, «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі -  Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Сапаргалиева Гүлдана Ғалымқызының «Жеке ән салу» кітап тұсаукесері өтті.

      «Жеке ән салу» оқулығы 4 тараудан тұрады, «Актер өнері» мамандығының «Музыкалық театр артисі», «Мюзикл артисі», «Драма театры және кино» (қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, кәріс топтары), кино және театр артисі, сөз сөйлеу жанры, қуыршақ театры артистері мамандандыруларын дайындауда өзіндік айтулы орны бар «Жеке ән салу», «Вокал» пәндерінің негізгі талаптары мен ерекшеліктері, өзекті мәселелерін қарастырылды.

      Тұсаукесер  рәсімін ашқан оқу жөніндегі проректор  Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы қонақтарды  осындай маңызды оқиғаның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, авторға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейінің жоғары екеніне баға берді.

      Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иманбаева Сауле Тоқтарқызыоқулық ретінде жазылған кітаптың қамтыған ауқымы кең. Сиясы кеппеген кітаптан оқырмандар мол мағлұмат алады деп ойлаймын,- деп қорытындылады сөзін.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+