Сайт картасы
қаз

«Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» атты «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» аясында Отандық ғалымдардың дәрісі

17.04.2019

«Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» атты «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» аясында Отандық ғалымдардың дәрісі

      16 сәуір күні «Ұлттық өнер» факультетінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастары мен әлем тілдері Университетінің жоғарғы оқу орнынан кейінгі кафедра профессоры, филос.ғыл.докторы Раев Даулетбек Садуақасұлымен "ҰЛЫ ДАЛА БИ-ШЕШЕНДЕРІНІҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ" тақырыбында «Ұлттық өнер» факультеті студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.

      Адам бойындағы гуманистік құндылықтар - адамгершілік, әдептік ұғымдары ұлы дала ойшылдары қалыптастырған қазақ қоғамның әр тарихи кезеңдері арқылы талданды. Студенттер қазақ би-шешендерінің адамгершілік нормаларын: үлкенді сыйлау; сәлемдесу; үлкеннің кішіге қамқоры; туысқандық мейірім ережесі бойынша өмір сүру; қазаға көңіл айту; дос-жолдасты құрметтеу; көршімен жақсы тұру; кедей-кепшікті, жоқ-жітікті, дене кемістігі бар адамдарды қорламау; жалпы қайырымдылық пен кісілік ережесі бойынша өмір сүру тәрізді тәрбиелік мәні бар дәстүрлерден қызыға дәріс алды.

      Қазақ халқының әдеп философиясындағы үлкенді сыйлау нормалары Төле бидің, Саққұлақ шешен, Оңғар жырау, Балпық би, Тойымбай шешен, Сапақ би, Досбол би, Құрмысы би, Нұралы би, Шағырай шешен, Ақтамберді, Қазыбек би және т.б. сөздері азаматтық парыз идеясы, нормаларына сәйкес студенттердің зор қызығушылығымен талданды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+