Сайт картасы
қаз

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

17.04.2019

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

 

2019 жылы 16 сәуірде Академияда кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында "гуманитарлық білімді жаңғырту: ғылым, мәдениет, білім беру" атты Ғылыми апталығы аясында кітапхананың кітап қорын сақтау және толықтыру мақсатында Алматы қаласы бойынша ҚХА мүшесі, Алматы қаласы ҚХА ҒСТ мүшесі, "Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар" кафедрасының профессоры М. Д. Шаймерденованың жеке кітап қорын, кітапхана қорына табыс ету іс – шарасы өтті.

Кітапхана қорын түрлі құжаттармен толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған кітаптар мен дискілер; тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан, Қазақстан Республикасының танымал тұлғалардың, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған кітаптар, сондай-ақ 18 томдық «Сөздік» энциклопедиясын сыйға тартты. Акция аясында 50 дана кітап сыйға берілді.

Профессор Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбекқызына кітапханамызға сыйға тартқаныңызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Кітаптардың маңыздылығы, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына арналған көмекші құрал болып табылады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+