Сайт картасы
қаз

«ПОСТЕРЛЫҚ БАЯНДАМАЛАР» КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

20.04.2019

 2019 жылы 18 сәуірде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының фойесінде Ғылым апталығы аясында 2 курс магистранттары арасында «2019 жылдың Үздік постерлік баяндамасы» байқауы өткізілді.

Постерлік баяндама қағаздағы ғылыми деректерді жедел ұсынудың ең тиімді формаларының бірі болып табылады.

Конкурстың мақсаты: магистрант түлектердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының инновациялық жетістіктерін көрсету. Байқау ашық және бір кезеңде өткізіледі.

Сараптама комиссиясының постерлік баяндамасының жұмыс нәтижелері бойынша Конкурстың жеңімпаздары:

  • 6М042100 «Дизайн», интерьер дизайны мамандығы бойынша Алтынбекова Элина Қырымқызы, «Алтын музейіндегі экспозиция және жарықтандыру дизайны» тақырыбында баяндаманы ғылыми-инновациялық тұрғыдан үздік қорғағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚазБСҚА түлегі - Қазақстанның Ұлттық музейіндегі «Алтын мұражайы» көрмесінің авторы. Реставрация бойынша 3 кітаптың дизайны мен құрастырушы авторы;
  • II дәрежелі дипломмен 6M040900 «Хореография», «Хореография» педагогикасы мамандығы бойынша Қарымбаева Айжан Несіпгереевна, «Б.Г. Аюханов шығармашылығы мен педагогикасының көркемдік ерекшелігі» тақырыбында ғылыми нәтижелерін баяндаманы қорғағаны үшін марапатталды. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 2002ж. Түлегі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының әртісі. А.В. Селезнев атындағы Алматы Балет мектебінің оқытушысы. Оның оқушылары түрлі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары.
  • ІII дәрежелі дипломмен 6M040600 - «Режиссура», кино және телевизия режиссурасы мамандығы бойынша «Қазақстан киноматографиясындағы әдеби жанрлардың экрандалуы» тақырыбында баяндаманы ерекше ғылыми-шығармашылық нәтижелерімен қорғағаны үшін Алжанов Райымбек Амангелдіұлы марапатталды. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨ 2017ж. түлегі. Академиялық ұтқырлық бойынша Нью-Йорк кинематография академиясында тағылымдамадан өтті. «Universal studios» американдық киностудиясында түсірілген студенттік фильмнің режиссері.

Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+