Сайт картасы
қаз

«Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» атты «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» аясында Отандық ғалымдардың дәрісі

22.04.2019

«Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер» атты «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» аясында Отандық ғалымдардың дәрісі

      16 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастары мен әлем тілдері Университетінің профессоры, филос.ғыл.докторы Бөлекбаев Сағади Байұзақұлымен «Ежелгі Шығыс дүниетанымы мен теориялық физика арасындағы параллельдер» тақырыбында Т.Қ. Жұргенов атындағы ҚазҰӨА «Өнертану», «Театр» және «Ұлттық өнер» факультеттері студенттерінің қатысуымен кездесу-дәрістеме өтті.

 

      Сана деңгейінде тіршілік иелері қазіргі дамуға сәйкес адамның «ақпараттарды қабылдауы мен оның сұрыпталуы» туралы танымы ретіндегі әлемнің құпия жаңалығымен бөлісті.

      Дәріс барысында ғалым замануи тұрғыдан сананың әлемдік деңгейдегі зерттелуіне бірнеше дәлелдер келтіріп, оның дүниетанымдық астары шығыстық ұлы мистикалық дәстүрлерімен үндес келетіндігіне тоқталды.

      Бұл сананың өзгерген күйі туралы веданта, буддизм, хинаяна мен махаяна, даосизм, суфизм, христиандық мистицизм философиялық мектептер мен мистикалық дәстүрлерде және басқа да рухани жүйелерде кеңінен қарастарылатындығы талданды. Әсіресе, кванттық физика саласындағы Брайан Гриннің «Әсемдік әлемі», Хазрат Иннайят Ханның «Абсолютті өмір» «струналық» теориялары кездесуде ерекше ықылас тудырды.

      Автор өзінің соңғы уақыттағы зерттеулері «Философиядағы сана феномені: жаңаша көзқарас» тақырыбында монографиясы жарияланғанын атап өтті.    

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+