Сайт картасы
қаз

«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің Академиядағы Ғылым апталығы аясындағы Дөңгелек үстелі

22.04.2019

«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің

Академиядағы Ғылым апталығы аясындағы Дөңгелек үстелі

      2019 жылдың 17-ші сәуір күні Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сында Ғылым апталығының ІІІ күні бағдарламаға сәйкес «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара төмендегідей тәртіппен өткізілді:

• Сағат 09.00 – 10.00 аралықта Академияның бас фойесінде «Жастардың қолтаңбасы» тақырыбындағы суретші студенттердің көрмесінің ашылу рәсімі;

• Сағат 10.00 - 13.00 аралықта Академия кітапханасының оқу залында факультеттің профессор-оқытушылары мен магистранттардың қатысуымен «Ұлы дала кеңістігіндегі өнер кеңістігі» тақырыбы бойынша Дөңгелек үстел болды.

      Дөңгелек үстелде баяндамашылар келесі кезекпен өз мақалаларын презентациялық баяндама түрінде таныстырды:

1. Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дизайн» кафедрасының профессоры Қ.С. Кошенов - «Қазақстанның заманауи дизайны»;

2. PhD докторы, «Көркемсурет» кафедрасының доценті М.Ф. Муканов - «Сакрально-мифологические аспекты художественного образа всадника и его коня в искусстве современного казахского гобелена»;

3. Өнертану кандидаты, «Мода және костюм дизайны» кафедрасының доценті Н.А. Володева - «Создание электронных тестовых средcтв программ MyTestPro»;

4. Өнер магистрі, «Мода және костюм дизайны» кафедрасының доценті А.Б. Ибраева - «Опыт формирования социальной ответственности в процессе подготовки дизайнеров одежды»;

5. Сәулет кандидаты, Академия доценті Г.Д. Мауленова және «Көркемсурет» кафедрасының аға оқытушы Жұмағұлов М.О. бірлескен мақаласы - «Особенности создания общественных пространств в рамках культурных проектов»;

6. «Мүсін» мамандығының 1-курс магистранты С. Байсынов - «Қазақстанның ХХ ғ. мүсін өнеріндегі тұңғыш қазақ кәсіби мүсінші Хакімжан Наурызбаев шығармашылығының орны».

• Сағат 15.00 - 16.00 аралықта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, философия ғылымының докторы, танымал мәдениеттанушы Наурызбаева Альмира Бекетқызының «Антропология и гуманистический дискурс современной науки» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, көптеген қызықты пікір-талас пен сұхбаттасулар болды. Кездесуге бірнеше мамандықтың магистранттары мен студенттері, және профессор-оқытушылары белсене қатысты.

 

Модератор: PhD, Академия доценті Қайранов Е.Б.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+