Сайт картасы
қаз

«Театр» көпсериялы фильміндегі басты кейіпкерлердің бірін Академияның докторанты АМАН ҒҰМАРОВ сомдайды

22.04.2019

         Бүгін, 22 сәуірде Бекен Римова атындағы Талдықорған қазақ драма театрында «Қазақстан» Ұлттық арнасының @qazaqstantv тапсырысымен «Театр» атауымен көпсериалы фильмнің түсірілімі басталды. Фильмнің режиссері осыған дейін «Хабар» телеарнасы ұсынған «Қария», «Тағы да сүй» туындыларының режиссері Асхат Мұсабай @askhtmussabay.  

         Актерлардың өмірін, сахна сыртындағы тыныс-тіршілігін, қуанышы мен мұңын арқау ететін фильмдегі басты кейіпкерлер рөлін Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының «Театр өнері» факультетінің 1 курс докторанты Аман Ғұмаров @amangumarov пен  «Кино және ТВ» факультетінің 2 курс студенті Ақнұр Рахат сомдайды.

         Түсірілім алаңына арнайы барған Академия ректоры Асхат Максимұлы академиялық шәкіртіне шығармашылық шабыт, сәттілік тілеп, өнерпазды жігерлендіріп қайтты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+