Сайт картасы
қаз

«Эстрада өнері» факультетінің дөңгелек үстелі

24.04.2019

«Эстрада өнері» факультетінің дөңгелек үстелі

      2019 жылдың 19 сәуірінде Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Ғылым апталығы аясында «Эстрада вокалы» кафедрасының ПОҚ, магистранттары мен студенттерінің қатысуымен «Эстрада өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның заманауи музыка өнері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы мен эстрадалық шығармашылықтың өзекті мәселелері талқыланды. Ғалымдардың зерттеу назарына отандық эстрада өнерінің ірге тасын қалаушылары қатарында тұрған Н. Тілендиев, К. Әзірбаев шығармашылығы, сонымен қатар музыкант маманның шығармашылық үрдісі, эстрада саласындағы вокалист-артисттің коммуникативтік қасиеттері алынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі тәртіппен баяндамаларын ұсынды:

1. Мусагулова Г.Ж., өнертану кандидаты, профессор – «Абай» операсы: Ұлы даланың Ұлы тұлғасын сомдау» («Опера «Абай»: к воплощению Великого имени Великой степи»);

2. Касимова З.М. өнертану кандидаты – «Ұлы даланың бірегей Нұрғисасы»;

3. Мухсиынова М.Ж., аға оқытушы – «Боз даланың бозторғайы – Кенен Әзірбаев»;

4. Смагулова З.Т., 1 курс магистранты – «Музыкалық өнер және орындаушылықтағы шығармашылық феномені» («Феномен творчества в музыкальном искусстве и исполнительстве»);

5. Жуманова М.А., 1 курс магистранты – «Коммуникативтілік – орындаушы музыканттың кәсіби басымдылық қасиеті» («Коммуникативность – профессионально-приоритетное качество личности музыканта»).

Модератор: PhD докторы, аға оқытушы Кайсиди И.Г.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+