Сайт картасы
қаз

«Қызғалдақ-2019» атты халықаралық студенттік пленэр конкурсы бастау алды

25.04.2019

«Қызғалдақ-2019» атты халықаралық студенттік пленэр конкурсы бастау алды

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты,Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы«Көркемсурет» кафедрасының  ұйымдастыруымен, «Қызғалдақ-2019» атты халықаралық студенттік пленэр конкурсының салтанатты түрде ресми ашылуы өтті.

      Халықаралық студенттік пленэр конкурсының ашылу салтанатында,  Т.Қ.Жүргенов атындағы  Қазақ  Ұлттық  өнер  академиясының  «Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер» жөніндегі проректоры Алмас Әбілқасымұлы Шоман сөз алып, студенттерге шығармашылық сәттілік тілеп, Т.Қ.Жүргенов атындағы  Қазақ  Ұлттық  өнер  академиясының ректоры  Асхат Максимұлы Маемировтің «Қызғалдақ-2019» халықаралық студенттік пленэр конкурсына қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқып шықты: «Бүгінгі елімізде Мәдениет министрлігі бастап ерекше қарқынмен жүзеге асырып жатқан мәдени реформалар, жастар санатына арналған игі шаралар мен бастамалар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы үшін де айрықша. Осы орайда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында және биылғы жастар жылына байланысты, Академиямызда ұйымдастырылып, 24-26 сәуір аралығына өтетін «Қызғалдақ-2019» халықаралық студенттік пленэр конкурсын аталған мәдени құндылықтарды жүзеге асыру жолындағы игі қадам деп білемін. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстанның табиғаты табиғи мұра ретінде айрықша сөз болып, соның ішінде қызғалдақтың отыздан аса түрінің отаны Қазақстанның әлемдік флора дүниесінде алатын орны ерекше атап өтілгені мәлім.

         Ендеше, Қызғалдаққа қош келіпсіздер! Баршаңызға табиғат аясында шығармашылық шабыт, қылқаламдарыңызға қарым, бойларыңызға қуат тілеймін. Ұлы даланың мәдениеті мен тарихын әлемге паш етіп, таныстыру насихатын жүргізіп, үлкен рухани әсер алып, қуанышпен оралады деп сенеміз! Сапарларыңыз сәтті болсын!» - деп, академия ректоры Асхат Маемировтің қатысушыларға арнаған лебізін жеткізді.

      Әрі қарай, Академияның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Нұрбекұлы Байділда халықаралық пленэрге қатысушыларға ыстық лебізін білдіріп, ұйымдастырушыларға сөз берді.

      Бұл пленэр конкурсты ұйымдастырушы ретінде, «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері», «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, профессор    Болат  Сырлашұлы Тұрғынбай конкурсқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ЖОО арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, шығармашылықтарын шыңдап, сіздерден ғажайып өнер туындыларын күтеміз деп аяқтады.

      Сонымен бірге, белгілі суретші, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», Қырғыз көркемсурет академиясының академигі, академиямыздың құрметті ұстазы, профессор –  Жұмақын  Қайрамбаев ағамыз студенттерге сәттілк тілеп, ақ батасын берді.

      Халықаралық фестиваль, конкурстардың жеңімпазы, «Mondial art academia» атты Француз өнер академиясының толық мүшесі, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген Анар Абжанова студенттерге талмай еңбек етсеңіздер, көптеген жетістіктерге жететіндерін айтып, сәттілік тіледі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+