Сайт картасы
қаз

«Қызғалдақ-2019» халықаралық студенттік пленэр конкурсына қатысушылар Алматының көрікті жерлерімен танысты

25.04.2019

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Көркемсурет» кафедрасының  ұйымдастыруымен, «Қызғалдақ-2019» атты халықаралық студенттік пленэр конкурсының салтанатты түрде ашылуынан кейін қатысушылар әсем қаламыз Алматының көрікті жерлерімен танысты.

      Халықаралық студенттік пленэр конкурсына қатысушылар әрі қарай Тұңғыш президент саябағында қызғалдақ гүлін көктем көрінісімен байланыстырып, өздерінің шығармашылық  еңбектерін жалғастырып кетті.

      Айта кетейік, «Қызғалдақ - 2019» тақырыбындағы халықаралық студенттік пленэр конкурсына Қырғызстан және Өзбекстан, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Түркістан, Қызылорда, облыстарының жоғары оқу орындарынан 25 студент қатысуда. Шара 26 сәуірге дейін жалғасын табады.

      «Қызғалдақ-2019» халықаралық студенттік пленэр конкурсының қатысушыларына сәт сапар тілейміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+