Сайт картасы
қаз

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұжымы Еліміз тұрақты дамуы үшін, еліміздегі жоғары лауазымға Елбасымыздың ұсынған кандидатурасын лайықты үміткер санайды

25.04.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 23 сәуірде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өткен болатын.

Алқалы жиынның күн тәртібіне сәйкес, онда 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына «Nur Otan» партиясының атынан үміткер ұсыну жөніндегі мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы ауыр дағдарыс жағдайында басталған Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолы оңай болмағанын еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жоғары лауазымға Қасым-Жомарт Тоқаевты лайықты үміткер деп атап, Отан алдындағы сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктеріне тоқталды. Оның тікелей қатысуымен 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында бірқатар маңызды реформа жүргізіліп, ел эконмикасын өркендетуге жол ашылғандығын атап өтті.

 - Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қосты. Осы жылдар ішінде ол маған сенімді серік болып, елімізді одан әрі өркендетуге қатысты ұстанымымды қолдап келеді. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұжымы қазіргі жағдайда Еліміз тұрақты дамып, өсіп өркендеу үшін халықтың бірлігі бекем болуы және барша қазақстандықтардың бірлесе күш жұмылдыруы қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевты лайықты үміткер деп біледі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+