Сайт картасы
қаз

ШЕТЕЛДІК ДӘРІСКЕРЛЕР КӨКТӨБЕ МЕН ШАРЫН ШАТҚАЛЫН ТАМАШАЛАДЫ

26.04.2019

ШЕТЕЛДІК ДӘРІСКЕРЛЕР КӨКТӨБЕ МЕН ШАРЫН ШАТҚАЛЫН ТАМАШАЛАДЫ

 

          22 Сәуірден бастап Т.Жүргенов Академиясына «Ромео және Джульетта» мюзиклінің қазақ тіліндегі тұңғыш қоюшы-режиссері Академия ректоры Асхат Маемировтың арнайы шақыруымен келіп, студенттерге шеберлік сабағын өтіп жатыр.

   Француз театр режиссері, продюсер, өнертанушы Эдуард Фламенс - әмбебап, ізденімпаз, қарапайым, іскер азамат. Ол француз тілінен басқа  ағылшын, қытай, испан және итальян тілдерін жетік меңгерген.

          Бағдарламаға сәйкес, сәуірдің 23-інде Академия қонағы Алматының көрікті жерлерінің бірі Көктөбені аралады. Алатау етегіндегі қаламыздың туристер жиі келетін бұл көрнекті орны Эдуард мырзаға өте ұнады. Тек «әттеген-ай» ретінде бір айтқаны: «Бұл жер аспан астындағы музей орнына сұранып тұр екен». Айтса айтқандай, бір кездері қаламыздың символы болған жердің бүгінде басы бүтін көңіл көтеретін ойын-сауық орнына айналуы көңілге қаяу түсіреді. Айталық, осындағы «Битлз» тобына арналған скульптуралық ескерткіштің орнында өзіміздің «Дос-Мұқасан» ансамблі тұруы тиіс еді деген қоғамдық пікір ойымызға оралды.

          Соған қарағанда, Көктөбедей кәделі орынымызды шетелдіктерге мақтанышпен көрсететіндей дәрежеде әлі де болса лайықты пайдалана алмай отырғандығымыз байқалады.

 

          Ертеңіне, яғни 24 сәуір күні таңертең Фламенске және Академиямызға Грузиядан келіп, Театр өнері факультетінің студенттеріне дәріс оқып жүрген театртанушы және театр сыншысы Лаша Чхартишвилиге тағы бір көрнекті орнымызды көрсету үшін атақты Шарын шатқалын бетке алып, жолға шықтық. Бұл жолы ауа-райы кәдімгідей қарасты. Таңертең бұлыңғырланып тұрған күн біз Шарынға жеткенде ашылып сала берді. Шарында туристер қаптап жүр. Әсіресе Тайваннан, Франциядан келген туристердің көптігі таңқаларлық.

          Шарынды көру тбилисилік қонағымыздың көптен бергі арманы екен. Академиямызға Өнертану факультетінің деканы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызының шақыруымен бұған дейін де талай келіп жүрген Лаша мырзаның Шарынды көру сәті осы жолы ғана түсіпті.

          Екі қонағымыздың да ойы бір жерге түйісті: айтуларынша, Америкадағы Гранд-Каньонға ұқсас Шарын — шығармашылық, өнер адамының қиялына қанат бітіріп, шабытына шабыт қосып, жаңа идеяларды қолға алуына серпін беретін жер.

Гүлмира АСЫЛБЕКҚЫЗЫ,

Т. Жүргенов Академиясының

 баспасөз қызметі

 

 

 

 ИНОСТРАННЫЕ ГОСТИ АКАДЕМИИ ПОБЫВАЛИ В ДОСТОПРИМЕЧАТЕЛЬНЫХ МЕСТАХ 

 

          С 22 апреля первый постановщик казахской версии мюзикла «Ромео и Джульетта» проводит мастер-класс для студентов Академии им. Т. Жургенова по приглашению ректора Академии Асхата Маемирова.

          Французский театральный режиссер, продюсер, искусствовед Эдуард Фламенс — человек разносторонний, универсальный, при этом очень простой и добродушный. Он свободно владеет кроме французского английским, китайским, испанским и итальянским языками.

          Согласно программе, 23 апреля гость Академии посетил Коктобе — одну из достопримечательностей Алматы. Мсье Эдуарду понравилось это замечательное место в предгорьях Алатау, часто посещаемое туристами. Он заметил, что это место как бы просится в музей под небом. Действительно, нам тоже показалось, что место, когда-то явивший собой символа нашего города, ныне всецело отдано на сферу услуг, под развлекательную зону.  Невольно вспомнилось общественное мнение по поводу целесообразности установления вместо «Битлзу» скульптурного памятника нашей легендарной группе «Дос-Мукасан». Кажется, мы не можем должным образом использовать Коктобе, на что обращают внимание иностранцы.

 

          На следующий день, 24 апреля, дорога вела нас вместе с Фламенсом и приглашенным в Академию факультетом театрального искусства театроведом и критиком из Грузии Лашей Чхартишвили в знаменитый Чарынский каньон. На этот раз нам повезло с погодой — Чарын встретил нас достаточно ясным солнечным днём. Здесь туристов хоть отбавляй. Удивительно, что среди них оказались очень много тех, которые прибыли из Тайваня и Франции, чему несказанно обрадовался мсье Эдуард.

          Оказывается, наш гость из Тбилиси давно мечтал попасть в Чарын. Вообще-то Лаша в Алматы не первый раз, но только на этот раз ему удалось вырваться сюда и увидеть этого чуда посреди степи.

          Оба наших гостя согласны друг с другом: по их мнению, столь похожий на Гранд-Каньон в Америке Чарын — это то место, которое вдохновляет человека на творчество, дает волю художественному воображению. 

 

Гульмира АСЫЛБЕККЫЗЫ,

Пресс-служба Академии им. Т. Жургенова

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+