Сайт картасы
қаз

«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» жабылу салтанаты

26.04.2019

«Гуманитарлық білім беруді жаңғырту:

ғылым, мәдениет, өнер» тақырыбына арналған

 «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» жабылу салтанаты:

19.04.2019

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Ғылым апталығы» аясындағы іс-шараларын аяқтады. Салтанатты жабылуға басқа университеттердің өкілдері: Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) - Нуркушева Ляззат Тулеуовна, сәулет ғылымдарының докторы, профессор; Ибрайшина Гульнара Кенжегазиевна филос.ғыл., канд, профессор; «Дизайн» факультеті деканының орынбасары Толынбекова Галима Амангельдиевна, «Тұран» Университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінен СҒЗЖ, «Үздік постерлық баяндама - 2019» конкурстарының жеңімпаздары мен  ғылыми жетекшілері келіп қатысты.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов К.З. «Ғылым апталығы» аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы шешім шығарып, барлық СҒЗЖ және  «Үздік постерлық баяндама - 2019» байқауының жеңімпаздарына II, II, III дәрежелі дипломдар табыс етілді.

Қорытындылай келе, ғылым саласындағы университеттер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы және Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) арасында бірлескен көктемгі халықаралық студенттік конференция өткізу жобаланды.

 

«Ғылым апталығы» аясында өткізілген іс-шаралардың тізімі:

 

15 сәуір:

  • Оқу театрының фойесінде жас ғалымдардың «Тарихи сананы жаңғырту: Ұлы даланың ұлы есімдері» атты ғылыми әдебиеттер көрмесі ашылды;
  • Оқу театрында «Жастар жетістігі – Ұлт жетістігі» атты жас ғалымдардың халықаралық форумының ашылуы, пленарлық мәжіліс, концерт;
  • «Теория және практика» интеллектуалды алаңы − ғылым, қоғам, өнер және бизнес тақырыбына білім беру лонгриды;

Ғылыми-шығармашылық және бизнес-алаңдардың жұмысы:

I.Ғылыми сектор:

  • Сандық Қазақстан: экономиканың және ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің драйвері.
  • Ұлттық мәдениеттің кеңістігі мен уақыты.
  • Тіл − ұлттық кодты сақтау факторы ретінде.

II.Бизнес-платформа:

  • «Жаңа бизнестің идеялары мен жобалары» атты бизнес-модельді көрсетужәне қорғауға арналған алаң.
  • Арт-алаң
  • «Заманауи мегаполистің субмәдениеті» арт-алаңы.

Жұмыс қорытындысы. Алғыс хат, диплом, сертификаттарды табыстау Кинозалда өткізілді.

 

16 сәуір:

  • «Кино және ТВ» факультетінің дөңгелек үстелі «Ұлы даланың − Ұлы есімдері» тақырыбы бойынша кинозалда өтті;
  • «Камал Смайылов» деректі фильмнің көрсетілімі бойынша сұхбат;

Белгілі Отандық ғалымдармен кездесу-лекциялары өткізілді:

  • Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастары мен әлем тілдері Университетінің профессоры, филос.ғыл.докторы Бөлекбаев Сағади Байұзақұлымен «ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ ФИЗИКА АРАСЫНДАҒЫ ПАРАЛЛЕЛЬДЕР» тақырыбында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Өнертану», «Театр» және «Ұлттық өнер» факультеттері студенттерінің қатысуымен кездесу-дәрістеме өткізілді;
  • «Ұлттық өнер» факультетінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастары мен әлем тілдері Университетінің жоғарғы оқу орнынан кейінгі кафедра профессоры, филос.ғыл.докторы Раев Даулетбек Садуақасұлымен "ҰЛЫ ДАЛА БИ-ШЕШЕНДЕРІНІҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ" тақырыбында «Ұлттық өнер» факультеті студенттерінің қатысуымен кездесу өтті;
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-философ, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері Дидар Амантайдың «ЖАЗУ МӘНЕРІ: ФИЛОСОФИЯ, ӨНЕР, ТЕХНОЛОГИЯ» тақырыбында «Кино және ТВ» факультетімен кітапхана залында кездесу-лекциясы өткізілді;

Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры М.Д. Шаймерденованың кітапхана қорына Қазақстан халқы Ассамблеясына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған кітаптарды кітапханаға тапсыру рәсімі өтті.

 

17 сәуір:

«Жастардың қолтаңбасы» атты суретшілер көрмесінің ашылуы;

«Ұлы дала кеңістігіндегі өнер кеңістігі» тақырыбындағы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің дөңгелек үстелі өткізілді;

  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, философия ғылымының докторы, танымал мәдениеттанушы Наурызбаева Альмира Бекетқызымен «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯ МЕН ГУМАНИСТІК ДИСКУРС» тақырыбында академияның оқытушылық-профессорлық құрамы, докторанттары, магистранттар мен студенттерінің қатысуымен кездесу-дәріс өткізілді;
  • «Өнертану» факультетінің «Өнердегі ұлы тұлғалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өткізілді.

 

18 сәуір:

  • «Дәстүрлі музыка мен технологиялардың мың жылдығы» тақырыбындағы «Ұлттық өнер» факультетінің дөңгелек үстелі;
  • академия фойесінде Ғылым апталығы аясында жоо магистранттары арасында «Ұлы Даланың ұлы есімдері» тақырыбындағы «2019 жылдың Үздік постерлік баяндамасы» байқауы өткізілді;
  • «Қазақстанның хореографиялық өнерінің ұлы есімдері» таұырыбындағы «Хореография» факультетінің дөңгелек үстелі өткізілді.

 

19 сәуір:

  • «Заманауи театр өнерінің мәселелері» тақырыбындағы «Театр өнері» факультетінің дөңгелек үстелі кинозалда өткізілді;
  • «The power of magic in the imaginary world of the Kazakh Ertegi Tale:The Instinct оf Free Flight” халықаралық студенттерді ғылыми-шығармашылық жобасын ф.ғ.д, профессор Қ.З. Халықов баяндады;
  • «Қазақстанның заманауи музыка өнері» тақырыбындағы «Эстрада өнері» факультетінің дөңгелек үстелі өткізілді;
  • Жалпы академиялық «Ғылым апталығының» жабылуы. «Ғылым апталығын» қорытындылау. Республикалық СҒЗЖ, «Үздік постерлік баяндама» конкурстарының марапаттауы өткізілді.

 

«Гуманитарлық білім беруді жаңғырту: ғылым, мәдениет, өнер»: Халықаралық «Ғылым апталығы» аясында өткізілген іс-шаралар

НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША РЕЗОЛЮЦИЯ

 

Халықаралық «Ғылым апталығы» жұмысының нәтижелері туралы шығармашылық Жоғары Оқу Орындары арасында тұлғаның интеллектуалды, дүниетанымдық платформасын қалыптастырудың қолдау факторы ретінде ғылымның атқарған қызметі туралы бірауыздан шешімге келді. 

«Ғылым апталығы» бойынша  баяндамаларды талқылай келе, қарастырылған мәселелердің өзектілігін ескере келе келсі ұсыныстарды қабылдады:

 

  1. Жыл сайынғы «Ғылым апталығын» Қазақстан ЖОО мен әлемдік кеңістіктегі академияның имиджін нығайтатын Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің ғылыми-зерттеу және шығармашылық белсенділігінің маңызды және көрсеткіш аспектісі ретінде тану.
  2. Ғылыми зерттеулердің мазмұнын тереңдету, магистранттар мен докторанттарға студенттердің ғылыми тәжірибесін қалыптастыру үшін шығармашылық зертханалар жұмысына белсенді қатысуын тереңдету.
  3. ҚР МСМ және ҚР БҒМ мемлекеттік гранттары бойынша іргелі және қолданбалы жобаларға қатысуды арттыру мақсатында Т.Қ. Жүргенов атындағы КазҰӨА-ның қызметін жандандыру.
  4. «Ғылым апталығы» қатысушылары жаңа шығармашылық байланыстар орнатуға және ғылыми, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін стратегиялық мәселелерді шешуде біріктіруге ықпал ететін іс-шараның маңыздылығын атап көрсетеді.

 

Ғылым апталығына қатысушылар,

Қазақстан Республикасы, Алматы

16 сәуір 2019 ж.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+