Сайт картасы
қаз

«Жаңашыл еуропалық театр» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

26.04.2019

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 15-26 сәуір аралығында Грузияның көрнекті театр сыншысы, PhD докторы, Илья атындағы Мемлекеттік университеті (Тбилиси қ.) жанындағы Бүгінгі грузин театрын зерттеу орталығының директоры Лаша Чхартишвили «Жаңашыл еуропалық театр» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Бұл екі аптаға созылған шеберлік сыныбында бүгінгі Еуропа театрларындағы басты ағымдарға кеңінен тоқталып, мол мәліметтер берді. Студенттер, магистранттар, докторанттар және Республиканың түкпір-түкпірінен келіп қатысқан театр мамандары өздерін толғандырған сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты.  Бүгін Лаша Чхартишвили тыңдаушыларға сертификаттар табыс етті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+