Сайт картасы
қаз

Академияда құқықтық мәдениет деңгейді арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тәрбиелеу бағытында шара өтті

26.04.2019

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жастар арасында құқықтық мәдениет деңгейді арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тәрбиелеу бағытында шара өтті.

Шараны академияның оқу, оқу-әдістемелік жөніндегі проректор Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков кіріспе сөзімен ашып, аталған шараға арнайы шақыртылған қонақ «Sanaly Urpaq» республикалық жобасының басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушевты көпшілікке таныстырды.
      Қайыржан Ахметбекұлы бұған дейін де Т.Жүргенов академиясында болып студенттерге құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тәрбиелеу бағытындағы лекциясын оқып, анкеталық сұрақтар, сауалнамалар жүргізіп, стратегияда бірінші сауаттандыру, екінші алдын алу, үшінші жазалау болатынын, сондықтан «Sanaly Urpaq» республикалық жобасы сауаттандыру бағытында жұмыс жүргізетінін айтқан болатын.

- Қадірлі Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұстаздар қауымы! Көпшілігіңізді сырттарыңыздан жақсы танимын. Бұл жерде еліміздің мәдениет әлеміне елеулі үлестерін қосып жүрген тұлғалар қызмет етеді. Өздеріңізбен кездесіп жатқаныма қуаныштымын. Өзіме келетін болсақ, көп жылдардан бері агенттіктің тарапында жұмыс істеп келемін. Қарағанды, Ақтөбе облыстарында облысында департамент басшысы және тәртіптік кеңестің төрағасы болсам, қазір «Sanaly Urpaq» республикалық жобасында қызмет етіп келемін.

Енді, бұған дейін студенттермен кездесіп, анкеталық сұрақтар, сауалнамалар жүргізген болатынбыз. Сол сауалнамаларды қорытындыладық. Сіздің жоғары орындарыңыз индексі 5 баллдық жүйемен қосып есептегенде 4,2 баллды көрсетті. Ол бүгінгі таңда жаман көрсеткіш емес. Бірақ, әлі де алдағы уақытта жұмыстануды қажет етеді.  «Sanaly Urpaq»-тың жоспарына, оның орындалу барысына көбірек көңіл бөлсеңіздер, бұдан да жоғары көрсеткішке жетуге болады деп ойлаймын, - деді  Қайыржан Ахметбекұлы.

Академия проректоры Шәріпбек Ағабайұлы шыныменде біздің академия ішінде «Саналы ұрпақ» деген клуб құрылу керек екенін, осы жобаға ұқсас «Таза сессия» дегенді жыл сайын ұйымдастырып жүргендігін, қазіргі таңда  академияның өзіндік ерекшелігін ескере отыра оқу процесіне байланысты кешенді дайындалып жатқан жоспарларымызды жүзеге асыру керектігін, оның ашықтығын қамтамасыз етіп, насихат жұмысы әсіресе сессияның кезінде жүру керек екенін айтты.

Аталған шараға академияның проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілері мен ұстаздар қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттерді тәрбиелеуге байланысты сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Әділғазы Бақытұлы

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+