Сайт картасы
қаз

«ҚЫЗҒАЛДАҚ-2019» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПЛЕНЭР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

29.04.2019

«ҚЫЗҒАЛДАҚ-2019» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПЛЕНЭР

 КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

      2019 жылдың 26 сәуір күні Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сында 24-26 сәуір күндері өткізілген «Қызғалдақ-2019» Халықаралық студенттік конкурс-пленэр өз мәресіне жетіп бекітілген жоспарға сәйкес сәтті аяқталды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және оның 2019 жылды - «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты ұйымдастырылған Халықаралық студенттік конкурс-пленэрге 2 шетелдік және 6 қазақстандық жоғары оқу орындарынан 26 студент-суретшілер қатысты. Соның ішінде, Т. Садықов атындағы Ұлттық көркемсурет академиясы (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.), К. Бехзода атындағы ұлттық көркемсурет және дизайн институты (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.), Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.), Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан қ.), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қ.).

«Көркемсурет» кафедрасының ұйымдастыруымен жемісті өткен Халықаралық студенттік конкурс-пленэрдің жабылу іс-шарасы төмендегі тәртіппен болды:

  • сағат 11.00 – екі күндік конкурс-пленэрдің нәтижесі бойынша этюдтік жұмыстарды бағалау  комиссиясының  жұмысы;
  • сағат 12.00 - 14.00 Пленэрлік конкурс көрмесінің салтанатты ашылуы, содан кейін, жеңімпаздарды Дипломдармен марапаттау және барлық қатысушыларға Сертификаттарды тапсыру.

«Кескіндеме» мамандығы студенттерінің этюдтік жұмыстарын бағалауды келесі комиссия мүшелері жүргізді:

  1. Ғазиз Ағзамұлы Ешкенов – комиссия төрағасы, ҚР көркемсурет академиясының академигі, белгілі монументалды кескіндеме суретшісі;
  2. Кармине Барбаро – комиссия мүшесі, ҚР СО мүшесі, генуэздік суретшілер бірлестігінің мүшесі, профессор, Алматыдағы «Италия» Білім Орталығының директоры, «Данте Алигьери» комитетінің төрағасы, «Италия жұлдыздарының» еңбегі сіңген кавалері;
  3. Кайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы – комиссия мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессоры, ҚР СО мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «ҚР білім беру ісінің үздігі», Ә. Қастеев атындағы алтын медаль иегері, Қазақстан және Қырғыз көркемсурет академияларының академигі;
  4. Байділда Бауыржан Нұрбекұлы – комиссия мүшесі, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР көркемсурет академиясының академигі, ҚР СО мүшесі;
  5. Тұрғынбай Болат Сырлашұлы – комиссия мүшесі, «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР көркемсурет академиясының академигі, ҚР СО мүшесі;
  6. Тұрғымбай Марат Еңсебекұлы – комиссия мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, ҚР СО мүшесі, РФ және Армения СО құрметті мүшесі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы;
  7. 7. Ыдырыс Зухра - комиссия мүшесі, өнертану ғылымдарының магистрі, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.

         Бағалау комиссиясының шешімімен «Қызғалдақ-2019» Халықаралық студенттік конкурс-пленэрдің нәтижесінде келесі жеңімпаз студенттер анықталып әр түрлі жүлделі орындар мен арнайы номинацияларға ие болды:

 

Жүлделі орын және номинация

Студенттің

 тегі мен аты

Жоғары оқу орны, мемлекет, қала

1

Бас жүлде

 

Сағындық Махаббат

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

2

І орын

Мукамбетова Айгерим

Т. Садықов атындағы Ұлттық көркемсурет академиясы, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.

3

ІІ орын

Усманалиев Зайнобиддин

К. Бехзода атындағы ұлттық көркемсурет және дизайн институты, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.

4

ІІ орын

Омарқұл Айгерім

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

5

ІІІ орын

Суйтбекова Жанерке

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

6

ІІІ орын

Мерей

Рене

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

7

ІІІ орын

Маратова

Яна

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

8

«Үздік колористік шешім» номинациясы

Тайирбек уулу Равшанбек

Т. Садықов атындағы Ұлттық көркемсурет академиясы, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.

9

«Үздік композициялық шешім» номинациясы

Абенов Темірлан

Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.

10

«Үздік табиғат көрінісін бейнелеу» номинациясы

Қиямова

Софья

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

      Қызғалдақ-2019» халықаралық студенттік пленэр-конкурсын қорытындылай келе, ұйымдастырушы комитет ұжымы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемировке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Және де, қатысушы студенттер де өздерінің кәсіби шыңдалуына және басқа да жоғары оқу орындарымен кескіндеме бойынша тәжірибе алмасуына өте пайдалы бұл іс-шараның өткізілгендігіне ризашылықтарын білдіртіп алғыс айтты.

     Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көптеген мамандықтар бойынша өткізілудегі осындай іс-шаралар республикалық және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, заманауи мәдениеттің дамуына ықпалын тигізеді.

 

 

Ұйымдастырушы комитет:

 «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің

 «Көркемсурет» кафедрасы және

Академия музейі мен галерея ұжымы

26 сәуір 2019 жыл

 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+