Сайт картасы
қаз

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар», «Шет тілі және Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Алтын …

02.05.2019

2019 жылдың 25 сәуірінде сағат 15.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінің баспасөз залында (Құрманғазы, 40) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Алтын бесік» атты фестиваль өтті.

«Алтын бесік» фестивалі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде республикалық және Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының арасында өтті.

Фестивальдің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды тәрбиелеу, ұлттық салттар мен дәстүрлерге ұқыпты қарау, ұлттық әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға, сақтауға және насихаттауға көмектесу, ұлтаралық мәдени қарым-қатынсатарды нығайту мен этномәдени кеңістікті ұлғайту, шығармашылық байланыс ортасын құру мен этномәдени бірлестіктердің жастар шығармашылық ұжымдарының шығармашылық әлеуеттерін дамыту болып табылады.

Фестиваль барысында ұлттық бесік тақырыбында театрландырылған көріністер қойылды. Театрландырылған көріністе әдет-ғұрып көрсетіліп, (бесікті дайындау; бесікке байланысты ырымдар; айтылатын жырлар туралы және т.б.) және халықтық немесе заманауи композиторлардың бесік жырлары мен әндері шырқалды.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі жұмысын қамтамысыз ету қызметі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Назарбаев университетінің Алматы қаласындағы өкілдігі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+